Ол сезімге жетер емес

Бұл бетте «Ол сезімге жетер емес» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ол сезімге жетер емес,
Құдіреті тілдің де.
Ол түгілі күй де келмес,
Соны қалқам білдің бе?
Қайта-қайта қиыламын,
Қалшы деймін бір күнге.
Сезіміңді сезінбестен,
Сезімді айту мүмкін бе?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері