Әмірші жүрек кеудемде

Бұл бетте «Әмірші жүрек кеудемде» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әмірші жүрек кеудемде,
Сезімім оған ақылшы.
Соғады сен деп деп жүрегім,
Күлімдеп күндей ашылшы.
Жанарың бұлттай мұңайып,
Ақ жауындай шашылшы.
Кетсе де бізден бір айып,
Себелеп өтіп басылшы.
Күн шықсын қайта күлімдеп,
Жасыңды қалқам жасыршы.
Айта алмай тұрмын гүлім деп,
Мойныма келіп асылшы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері