Жазам десең

Бұл бетте «Жазам десең» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жазам десең
Жүрегіңнің жарасын,
Шипасын тек
Махаббаттан табасың.
Алжасарсың
Кәусарына қанарсың,
Есеңгіреп
Есіңнен де танарсың.
Өртенесің
Жалындайсың, жанасың,
Жарқырайсың
Жұлдыздардай ағасың.
Білгің келсе
Бақытыңның бағасын,
Қайғыменен
Қуаныштың арасын.
Кеудеңдегі
Күрсіністен табасың,
Жүрегіңнің
Дүрсілінен табасың.
Сиқыр сезім
Сездіргенде шамасын,
Әсем гүлдің
Бүршігіне қонасың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері