Ашылғандай қою түннің қабағы

Бұл бетте «Ашылғандай қою түннің қабағы» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ашылғандай қою түннің қабағы,
Сені көрсем көңілім жай табады.
Қайғым менің қуанышқа алмасар,
Күн секілді жанары.
Улады ма құштарлықтың шарабы,
Сүйген сайын жүрек шөлім қанады.
Махаббаттың ләззатына мас қылған,
Балдай тәтті тамағы.
Сезім оты жүрегімде жанады,
Ғашық жүрек өз бақытын табады.
Қалғандаймын шоқ жалынға шарпылып.
Қандай ауыр азабы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері