Күміс сәулең түнді нұрға бөлеген
Бұл бетте «Күміс сәулең түнді нұрға бөлеген» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күміс сәулең түнді нұрға бөлеген,
Аруымды көктегі айға теңегем.
Ғашықтарға шуақ беріп жебеген,
Махаббатқа табынумен келем мен.
Құдірет күн тұрып түнгі көрпеден,
Шапағыңа сәлем берем ерте мен.
Жылыта алмай қойдың тонған жүректі,
Қаршадай қыз мені қалай өртеген?!
Самал желдей кезген тауды, даланы,
Кезетінмін гүлге толы қаланы.
Күн бағыстай күн көзіне байланған,
Жанарымда жәудіреген жанары.
Таң шапағы сенсіз сірә атпаған,
Күн шуағы өзіңнен соң аттаған.
Ғашық жұлдыз қол жетпесте жатсаңда,
Сезім нұрын жүрегімде сақтағам.
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі