Махаббатсыз өткен күндер, бос күндер

Бұл бетте «Махаббатсыз өткен күндер, бос күндер» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Махаббатсыз өткен күндер, бос күндер,
Жүрек мұңы шағылмаған тас түндер.
Қайдасыңдар арулар-ай, ақ гүлдер,
Күн туа ма махаббатқа маспын дер.
Неге сезім, неге жүрек дір етті,
Сүйсең, сүйгін Төлегендей Жібекті.
Сүю деген мың қасірет, мың қайғы,
Сүйе алмасаң жаралама жүректі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері