Келіспесем кішірейе саласың

Бұл бетте «Келіспесем кішірейе саласың» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Келіспесем кішірейе саласың,
Әділдіктің ажыратып арасын.
Әзіліңмен күліп шымшып аласың,
Үлкендердің қолданып сен шарасын.
Қуаныш пен қайғымды да бөлісіп,
Мінімді де айтасың сен батырмай.
Мен сияқты өзімшілмен келісіп,
Өмір сүру құру қиын шығар апырмай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері