Көргенмін сені сонау күз айында
Бұл бетте «Көргенмін сені сонау күз айында» атты Дәркен Танабаев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Көргенмін сені сонау күз айында,
Болатын қоңыр салқын түз бойында.
Сарғайған жапырақтар желмен ұшып,
Сырласып жатқан еді жер қойнында.
Жанарың жалт еткен де қарай алмай,
Көзімді тайдырғанмын төмен қарай.
Ай қабақ, жұмыр танау, оймақ ерін,
Нұрланып күлімдеген екі арай.
Көйлегің қалған екен сәл ашылып,
Көзіме екі күмбез тұр басылып.
Аса бір кербездікпен қымтай бердің,
Жүрегім тулап кетті аласұрып.
Жаныма шоқ түскендей тоқтай қалып,
Тағдырға мен ішімнен тұрғам налып.
Жігітің қасыңдағы мұздай қарып,
Ал өзің өте бердің оттай жанып.
Кеудеме еніп кеттің отқа айналып.
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі