Алмас күн
Бұл бетте «Алмас күн» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арайлы таң атты,
Алмас күн елжіреп.
Күнбағыс гүліндей,
Күлтесі желбіреп.
Жастың да, кәрінің,
Көңілін қимаған.
Тіршілік шуағын,
Ғаламға сыйлаған.
Өркешті қырлардың,
Көк майса саласы.
Күтуде тағатсыз,
Күн нұрын қарашы.
Жап-жасыл белдерің,
Жұпары шашылған.
Ал-қызыл гүлдерің,
Құлпырып ашылған.
Көгімде күлімдеп,
Күн жүзіп қалқыған.
Оянған тіршілік,
Шаттанып шалқыған.
Өмірдің бұл сыры,
Жұмыр жер, сене гөр.
Бір сәтке ойланшы,
Болмаса күн егер.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі