Келіп кетер кезегімен

Бұл бетте «Келіп кетер кезегімен» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Келіп кетер кезегімен,
Өмір-тірлік тұрақсыз.
Межесіне жеткен күні,
Алып кетер сұрақсыз.
Әр соғысы жүрегімнің,
Қозғап жатыр қанымды.
Соққан сайын жазалайды,
Жаралайды жанымды.
Алтын уақыт жүрегімде,
Сағат болып соғып тұр.
Қуанышын, қайғысында,
Кезегімен беріп тұр.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері