Бетінде жердің бар бақыт
Бұл бетте «Бетінде жердің бар бақыт» атты Дәркен Танабаев жазған бақыт туралы өлең берілген.
Сыйлайды өмір, ар уақыт,
Бетінде жердің бар бақыт.
Бетінде жердің бар қайғы,
Пендеге бөлер тарқатып.
Шыр етіп түскен кезімнен.
Уызын анам емізген.
Аялы алақаныңнан,
Исіңді ана сезінгем.
Балауса қызық көп көрген,
Бал дәурен неге шектелген?!
Балалық шақтың бақытын,
Бал дәмін татып өткергем.
Сүйдірген мені арайлым,
Сезімді мөлдір қалаймын.
Риясыз күлген жанарын,
Мәңгілік бақыт санаймын.
Ұл-қызың қорған ер жүрек,
Отанын сүйсе елжіреп.
Бақыты байтақ елімнің.
Байрағы тұрса желбіреп.
Сыйлайды өмір, ар уақыт,
Несібе ырыс тарқатып.
Бетінде жердің бар қайғы,
Бетінде жердің бар бақыт.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі