Мәңгі қанша жүрем дейсің жалғанда

Бұл бетте «Мәңгі қанша жүрем дейсің жалғанда» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мәңгі қанша жүрем дейсің жалғанда,
Үміт артып ертеңіңе алданба.
Тәннің емес жанның ғана қарағым,
Жүрегіңнің қалауын тек арманда.
Мына бес күн шым-шытырық жалғанда,
Жүрегіңнің қалауымен жар таңда.
Олпы-солпы, ебедейсіз тірліктің,
Тереңіне түсіп кетіп алданба.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері