Қалқам, қалқам айта көрме бекініп

Бұл бетте «Қалқам, қалқам айта көрме бекініп» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қалқам, қалқам айта көрме бекініп,
Өтірік сөз тұрады ылғи көпіріп.
Қанша берік жасырғанмен ішіңе,
Шындық өзі шыға келер кекіріп.
Не табарсың айтқанменен жекіріп,
Не керегі сайтанға ұқсап секіріп.
Өз-өзіңді алдайсың да бекерге,
Санды соғып қаларсың тек өкініп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері