Бүгін менің туған күнім достарым

Бұл бетте «Бүгін менің туған күнім достарым» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бүгін менің туған күнім достарым,
Жиырма бесті артқа міне тастадым.
Асау пырақ жалына біз жармасқан,
Уақыт шіркін жүйрік желдей қас қағым.
О, достарым, қоя тұршы тілдемей,
Тағдырымды сарсаңға сап жүндемей.
Жүрегіме үміт отын жағатын,
Бақытыма асығамын түн демей.
Самғар көкке қиял қуған қанатым.
Баянды бақ қашан соғар сағатың.
Алып кетші мен деп соққан жүрекке,
Тапқанымша таусылмайды тағатым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері