Асыл ән

Бұл бетте «Асыл ән» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шәмші аға! әуенің тербеген,
Ғашықпын сазыңа жасымнан.
«Сыр сұлу» жанымды кернеген,
Жүрегің толқын ба тасыған.
Балауса еске алып күндерді,
Сан рет достармен шалқығам,
Думандап жұлдызды түндерде,
Шәмші әні әуелеп қалқыған.
Жаным-ау! келсеңші қасыма,
Өзіңе жетуге асығам.
Бақыт боп қонсаңшы басыма,
Жүректі толқытар асыл ән.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері