Сыңғырла күміс қоңырау
Бұл бетте «Сыңғырла күміс қоңырау» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Білімсіз өмір шыңырау,
Арманға барар жол мынау.
Ашайық білім есігін,
Сыңғырла күміс қоңырау.
Өмірдің шешіп жұмбағын,
Ұғайық ғалам сырларын.
Сыңғырла күміс қоңырау,
Аттайық алға бір адым.
Өнердің жолы мың бұрау,
Сыңғырла күміс қоңырау.
Ұстаздан ұғып ұлағат,
Гүлдерге толсын омырау.
Жайқалған дала гүліндей,
Шаттанған достар үніндей,
Сыңғырла күміс қоңырау,
Өтеді уақыт білінбей.
Сыңғырла күміс қоңырау,
Сапарың сәтті болсын деп,
Ақылың асып толсын деп.
Білімнің жағып шырағын,
Басыңа бақыт қонсын деп.
Сыңғырла күміс қоңырау!
Сыңғырла күміс қоңырау!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі