Соғып тұр тынымсыз сағатым

Бұл бетте «Соғып тұр тынымсыз сағатым» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Соғып тұр тынымсыз сағатым,
Бір сәтке таппайды тағатын.
Төрлетсін төріме «жаңа жыл»,
Он екі! сермесін қанатын.
Шараптан толтырып құйыңдар,
Достарым! тілегім сыйым бар.
Бұл жылдың ең соңғы минутын,
Өтінем өзіме қиыңдар.
Өткен жыл өткізіп кезегін,
Көп нәрсе сыйлады сеземін.
Еске алсам мазасыз кей күнді,
Өкініп өртенер өзегім.
Жаныңа нұр сезім сыйлайтын,
Күндер-ай гүлден бал жинайтын.
Күндерім өтіпті бергісіз,
Бір жыл не, он жылға қимайтын.
Өзіме беретін есебім,
Жыл отыз баз өмір кешемін.
Қателік көп менде санасаң,
Бойымнан табылар неше мін.
Әйтеуір тіршілік, күн ғайып,
..Дидардың дауысын ұлғайыт.
Халқына тілегін жолдайды,
Алдымен елбасын тыңдайық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері