Қызғалдақ
Бұл бетте «Қызғалдақ» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қырқада өскен қызарып,
Көзіме шоқтай басылған.
Сүйкімді сұлу бүр жарып,
Жұпары аңқып ашылған.
Даланың ару еркесі,
Қызғалдық әсем бұралған.
Көк майса теңіз жер төсі,
Жүректе жанған бір арман.
Орамал бұлғап ғашығым,
Шақырып мені тұрғандай.
Жетемін қазір, асылым,
Сағынған мен де сормаңдай.
Шоқ жүзің шыққа малынған,
Көзіңнің қалқам жасыма.
Сұлуға арнап тағылған,
Алмастың мөлдір тасы ма.
Жұпарың жанға бақ абат,
Жанары сенде елдің де.
Ұмыт боп кеткен махаббат,
Қызғалдақ гүл боп келдің бе?!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі