Қазаққа да дүние керек қолы кең
Бұл бетте «Қазаққа да дүние керек қолы кең» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазаққа да дүние керек қолы кең,
Қазып жүрміз баяғы одақ жолымен.
БУ-75 қондырғысын қосамыз,
Санасатын біздер ме екен онымен.
Дизель мотор гүрілдеген Жәкемнің,
Мамырлаған қаз даусындай секем үн.
Роторды* айландырсаң болғаны,
Қыдыр ағам көрсетер қазудың не екенін.
Кигіземіз долотасын* ауыр құбыр басына,
Квадратты* АБК*- мен қондырамыз қасына.
-Қос сорапты, жібер майлы сұйықтан,
Құм ба, саз ба, қарамаймыз тасына.
Долото*-бұрғының басына киілетін күрекше.
Ротор*-бұрғыны айналдыратын қондырғы.
Квадрат*-колоннаны жалғайтын қондырғы.
АБК*-құбырларды жалғайтын автомат.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі