Дала еді адам аяқ баспаған
Бұл бетте «Дала еді адам аяқ баспаған» атты Дәркен Танабаев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Дала еді адам аяқ баспаған,
Мұнда киік өруші еді қаптаған,
Әлсіздері көкжалдарға жем болса,
Қазір оны емге іздеп таппаған.
Қазір Құмкөл өз алдына қалашық,
Бүкіл әлем көз тігеді таласып.
Америка, Италия, Канадаң,
Байлық іздеп ортақтасар қарасып.
Желік қуған аңшылар да табылар,
Қару алып машинамен сабылар,
Желдей жүйрік болғанымен киігім,
Жүз айлалы адамзатқа қағылар.
Жез киігім кетіпсің-ау текке өліп,
Жүрегім тұр көмейімде кептеліп.
Қарны үшін сені өлтірген шофёрді,
Содан кейін кеттім мүлде жек көріп.
Ей, пенделер, айтайын мен бір сауға,
Ар алдында қалмайық та біз дауға.
Жер ананың перзентіміз бәріміз,
Қансыз дене дайын тұрар мұздауға.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі