Алтын анам

Бұл бетте «Алтын анам» атты Дәркен Танабаев жазған ана туралы өлең берілген.

Анам, Алтынкүл Құдіретқызының рухына арнаймын

Көңіліңде титтей күдік тұрған ба?
Тең келетін жан бар ма екен бұл маңда.
Әлемдегі ең ақылды, әдемі,
Алтын анам тұрғанда.
Жүрегінің бізге сыйлап жарығын,
Суға баттың, отқа түстің арыдың.
Жан кешті боп тайталасқан бөрідей,
Білдірмеген арығын.
Енді қазір өзің жоқсың еске алам,
Ақ жаныңды түсінгенмен кеш маған.
Бар әлемді алты айналып шықсам да.
Жан жетпейді еш саған!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері