Дос ниеті

Бұл бетте «Дос ниеті» атты Дәркен Танабаев жазған достық туралы өлең берілген.

Көтерейік көңілді,
Әнмен достарым.
Қайта келмес бұл дәурен,
Өмір қас қағым.
Асау тағдыр жалында,
Жастық бағында.
Бірге қадам бастадық,
Арман жолында.
Жан достарым сырласқан,
Өмір серігім.
Ізгі сезім сыйлаған,
Ақыл көрігін.
Қолын бұлғап тұрғандай,
Бақыт бағынан.
Жүрегімді жылытқан,
Нұрын сағынам.
Албырт алау достарым,
Жүрегімдесің.
Бақыт қана тілеген,
Тілегімдесің.
Даладай кең шалқыған,
Көңілімдесің.
Арынды асау тулаған,
Өмірімдесің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері