Жалт етіп жайдай жанарың

Бұл бетте «Жалт етіп жайдай жанарың» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жалт етіп жайдай жанарың,
Сезімді нәзік шарпыған.
Тоқтай қап саған қарадым,
Теңіздей жаным толқыған.
Кеудемде менің ойнаған,
Жайнаған таңның жұлдызы.
Еркімді жіпсіз байлаған,
Іңкәрмін саған қыр қызы.
Періште көркің санамда,
Аңсайды жүрек асылын.
Өртедің мені табанда,
Ғайыптан келген ғашығым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері