Дәм татпаған өзге еріннен

Бұл бетте «Дәм татпаған өзге еріннен» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Дәм татпаған өзге еріннен,
Бақыт көргем көздеріңнен.
Сая бақта алтын күзде,
Сүйемін деп сөз беріп ең.
Елес беріп сағым қырдан,
Сағынышым сағындырған.
Періштедей пәк көңілің,
Жүрегімді табындырған.
Көгендеуге көндікпеген,
Аңғал жүрек мендік деген.
Енді қалай тапсам екен,
Сен адасқан ендікті мен.
Сезімдерім алып ұшпа,
Өр кеудемде жарылыста.
Жанарымнан тамшы болып,
Айналды мұң сағынышқа.
Бал-бұл жанып жүздеріміз.
Сая бақта біздер егіз.
Қар астында қалғаны ма,
Кеше жүрген іздеріміз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері