Шымкент

Бұл бетте «Шымкент» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арудай сәулетті келбетіңе,
Сүйсініп шаттанамын.
Даламдай қонақжай жер бетінде,
Шаһармен мақтанамын.
Шым қалам тұлғалы мәртебеңді,
Арымдай сақтағанмын.
Гүлдерге толтырсам әр төбеңді,
Үмітті ақтағаным.
Тағдыры уақытқа бас ұрмаған,
Ғасырлар аясында,
Жасарып жайнаған жасыл қалам,
Гүлзарлар арасында.
Шымкентім ордасы кереметтің,
Бірлігі жарасады
Келеді қаламды көркем еткім,
Елімнің болашағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері