Танысу
Бұл бетте «Танысу» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түр-тұлғасы өзімнен айнымаған,
Бір дәу жігіт құшағын жайды маған.
Үстінде жағасы бар сала-құлаш
Етек-жеңі ескілеу ала плащ.
Сақалы төрт-бес күндей алынбаған,
Шашы киіз секілді қабылмаған.
Сөзін адам түсінбес құрақ-құрақ,
(Қайдан шықты мына бір шұнақ құлақ?!)
Сөйте тұра бетіме көп қарайды,
Сасқаным ба бойыма от тарайды.
"Сау бол!" деп кете барды, қала бердім
Осындай өзіме ұқсас бала көрдім.
Секілді өкпелескен алыс досым,
Апырай, бұл не деген таныс пошым?)
кейіннен түсті есіме - балам екен,
Әйелден ажырасқан жаман екен.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі