Арақ пен қымыз
Бұл бетте «Арақ пен қымыз» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәулетті біздің астанада,
Анығын айтсақ асханада,
Арақ пен қымыз танысыпты,
Өзара пікір алысыпты.
Арақ әдеттегідей қызу екен,
Сөйтсе де есі түзу екен.
Қымызға көзін қадап тұрып,
Жөн сұрапты арақ тұрып.
– Әй, сен осы қай елсің?
– Елім – «Жайлау», руым – «Майемсін».
Арғы атамыз Денсаулық,
Ал өзіңіз қай елсіз?
– Ой, білмеймін ел-пеліңді,
Ұмытқалы қащан тегімді,
Тіл тигізем ата-анама,
О жағын жаным атама да,
Атым – Арақ, соны білем,
Біреулер «Ақа» дейді.
Енді біреулер «Көкмойын» дейді.
Алдыңнан қия өтпеймін дейді,
«Ойбай-ау, ойбай, қырамысың?» –
Дегізіп жүрген менің градусым.
Белдесуге өзің тұрамысың? –
Деп кіжініп арындап,
Өңі бұзылып барылдап,
Біраздан соң тілі күрмеліп,
Есі бір шығып, бір келіп,
Аузы күнбатысқа қарап,
Құлап қалыпты Арақ.
Арақ ішкен адамды
Көріп жүр ғой көздерің.
Аңғарттым мен де шамамды,
Талқылаңдар өздерің.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі