Иттік

Бұл бетте «Иттік» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір итті бір ит бұғып кеп
Дәл тірсектен тістеді.
Тістеген ит күшті еді,
Тарқады шері іштегі.
– О, сорлы-ау, мынауың,
Өңің бе еді, түс пе еді?
Өңің болса осыны
Сен істейтін іс пе еді?!
Барып тұрған иттік қой!
Біз несіне күлеміз,
Өзіміз де талай сөйттік қой.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері