Бес басар
Бұл бетте «Бес басар» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1
Бiздiң колхоз шөп шапты,
Шөп шапқанда өкiртiп,
Қырып-жойып, көп шапты.
Шапқан шөбiн жия алмай,
Онысына ұялмай,
Кем-кетiгiн жасырып,
Ақпар бердi асырып.
Шөбi қалды жиылмай,
Сай-салада шашылып.
Қыс түскенде қысылып,
Қателiгiн түсiнiп,
Вертолетпен су тасып,
Самолетпен шөп шашып,
Отгонда жүр «малсақтар»
Бет-аузын iсiрiп.
Мұндағы шала бастықты,
Жоғарыдағы ағалар
Орнынан алып ысырып,
Жiберсе ғой ұшырып.
2
Ауданда бұрын iстеген,
Телефонмен айғайлап.
Креслодан түспеген,
Әңгiрбаев Кебенек.
Әйелiмен шатасып,
Қызметiнен төмендеп,
Ауылға келдi делеңдеп,
Бөлiмшеге бастық боп.
Бастыққа пәле мастық боп,
Орнынан түсiп қалыпты.
Бәрiн қойып бұл күнде,
Ауылдағы мешiтке
«Имам» болып алыпты.
Садақа, пiтiр жинаумен,
Алдапты да халықты.
Одан тағы төмендеп,
Осы күнде Кебенек,
Қатардағы рядовой
Молда болып қалыпты.
3
Мына бiздiң ауылда,
Әлiбек деген кiсi бар.
Ал, ендi осы кiсiнiң
Қилы-қилы iсi бар.
Бiр басында бес әйел,
Яғни, бес құсы бар.
Бiр әйелi Ырғызда,
Бiр әйелi Қырғызда,
Бiр әйелi колхозда,
Бiр әйелi совхозда,
Бiр әйелi подхозда,
Бiр әйелi қолында,
Тұрғысы жоқ оның да.
Сөйтiп бiздiң Әлiбек:
«Опасыз бұл пәни», – деп,
Жатып алып жан-жаққа,
Жолдап жатыр алимент.
4
Бiздiң Дөкей ағайға,
Жылында бiр қалай да,
Барып қайту Қырымға,
Айналып жүр ырымға.
Мұндай ырым Дөкейде
Болатұғын бұрын да.
Аурумын дейдi болса да
Қол-аяғы балғадай,
Екi бетi алмадай.
Кеңiрдегi келсаптай,
Алты мезгiл ас берсең,
Жеп қояды талғамай.
Сонда бұның науқасы,
Не болды екен, Аллам-ай?!
5
«Арақ зиян, жаман», – деп,
Сөз сөйлеймiз алқынып.
«Зиян болса, құрысын», – деп,
Аз iшемiз тартынып.
Ерлер сабыр сақтап ед,
Әйелдер шықты талпынып.
Бұл сөзiмдi, жарандар,
Мейлiң кем ұқ, артық ұқ.
Бұл күнде кейбiр әйелдiң,
Орамалдары қисайып,
Қалтасында жартылық.
Тоқтатып ап көшеде,
Сөз сөйлейдi алқынып.
Жараспайды-ау әйелге,
Жағамызды ұстап сасқанбыз.
Амал қанша алайда,
Кездесiп қап жүр көшеде
Мастау әйел, мастау қыз,
Онда-дағы жастау қыз.
***
Айып етпе, жарандар,
Түрлi-түстi адам бар.
Бiр азырақ сын айттық,
Дұрыс қой деп осымыз.
Ортаға сап сын айттық,
Олла-белла, нан ұрсын...
Өтiрiк емес шын айттық.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі