Тәй, тәй

Бұл бетте «Тәй, тәй» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кәне, көтер оң аяқты,
Алға қарай ептеп бас.
Содан кейін сол аяқты,
Көтер-дағы тіктеп бас.

Тәй, тәй, бөпем, тәй, бөпем,
Жүре қойшы жәй, бөпем.

Әуелі сен оң аяқты,
Одан кейін сол аяқты,
Алма-кезек көтеріп,
Алға аттасаң оңай-ақты.

Тәй, тәй, бөпем, тәй, бөпем,
Жүре қойшы жәй, бөпем.

Қуанасың өзің де
Алға қарай басқанда.
Қаз-қаз жүрген кезіңде,
Ешнәрседен жасқанба.

Тәй, тәй, бөпем, тәй, бөпем,
Жүре қойшы жәй, бөпем.

Міне, міне жарадың
Алға бастың бір адым.
Тәй тұрудан бір адым
Басталған ғой, шырағым.

Тәй, тәй, бөпем, тәй, бөпем,
Жүре қойшы жәй, бөпем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері