Дүниежарық – тамұққа
Бұл бетте «Дүниежарық – тамұққа» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Марқұм нағашым Асқар Сүлейменұлына
Дүниежарық – тамұққа
Келіп, кеттің, нағашы.
«Өлем! Өлем!» – дедің де,
Өліп кеттің, нағашы –
Сұмырай, сұмпай заманның
Сұмдығынан шошынып,
Енді қайтып келмеске,
Жеріп кеттің, нағашы?!
Ірілігіңді – малдандым,
Көп көрдің бе, нағашы?!
Бар қызығын жалғанның
Өткердің бе, нағашы?!
Түбі хайыр болар деп,
Болмашыға – алдандым –
Тегің осал тартқанға
Кектендің бе, нағашы?!
Бел-бөксенің арманы –
Бас боп кеттің, нағашы.
Көзден тамған мәйітке
Жас боп кеттің, нағашы.
Кісіліктен мақұрым
Жексұрын ит-жемітке
Жиеніңді талатып,
Тастап кеттің, нағашы!
Онсыз да мұз жүрегі,
Қайран тірі аруақ –
Сен өлгенмен не болды:
Анаң қалды аңырап,
Ұлың қалды кәстеніп,
Қызың калды пәстеніп...
...Мәгәстеніп жар қалды –
От басы – Отан қаңырап!
Несі кетті қасыңның?!
Есі кетті досыңның!
Тірелген тас бөгетке
Ағын судай тосылдым.
Қабіріңнің басында
Даңғой дүмше дәлдүріш
Аза жырын оқыды –
Ақырынан шошындым...
...Өштеспей-ақ өмірмен,
Сүре берсең – болмас па?!
Аш күзендей бүгіліп
Жүре берсең – болмас па?!
Жемқор, жебір қоғамның
Жел боп тиіп бетіне,
Жәлеп-тағдыр етегін
Түре берсең – болмас па?!
...Әй, сорқасқа –
Марғасқа!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі