Бозторғай

Бұл бетте «Бозторғай» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жиі ашынам!
ен далада
миы ашыған
мен ғана ма?
Сойылғанда
қазанаттар,
қойылғанда
азаматтар,
кәрғыз толы
кең далада,
жалғыз бөрі —
мен ғана ма?
қарақтылар
оқ құшқанда,
қанаттылар
көкке ұшқанда,
сауыры түтін
шер далада,
бауыры бүтін
сен ғана ма?
Көкек келіп,
ұясы лаң,
зекет теріп,
жуасыған
бозторғайдай
жиі ашынам,
жиі ашынам!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері