Тұскиіз
Бұл бетте «Тұскиіз» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қатипа Байторықызына
Кеденде тұрған
кесір шал теңселе басқан,
теңімді қиып,
жүгімді өршелене ашқан.
«Тұсыңа іл» деп
Сіз берген тұскиізді алып,
— Өткізбеймін! — деп
құшақтап кеңсеге қашқан.
Қызара бөртіп,
қырсық шал қызған-ақ екен,
— Сыйы еді бұл, деп, апамның! -
шыжбалақ етем.
архиға тойып алғанмен өзі де қазақ,
қазақтың сыйын қазақтан қызғана ма екен?..
«Бүтін жаралған
бауырды екіге бөлген,
шекара деген осы-ау» деп өкіне бергем.
Мас пенде емес сол жерде
сау тәңір тұрса:
— Ұлтымның басын қосшы!.. -
деп өтінер ем мен!..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі