Бақытты халық
Бұл бетте «Бақытты халық» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған бақыт туралы өлең берілген.
Осы біз неткен бақытты халық едік:
орайын десе — егіні жоқ,
себейін десе — көңілі жоқ,
өлейін десе кебіні жоқ,
жел сөзі менен желігі көп,
өз үйінде өзінің орыны жоқ.
Осы біз неткен бақытты халық едік:
біреуге иек артпаса жүре алмайтын,
өз үйін өз қолымен құра алмайтын,
өмірді өз бетімен сүре алмайтын,
белі тақым сағынып бұраңдайтын,
қит етсе қырамын деп ұрандайтын,
өзінен басқа ешкімді ұра алмайтын.
Неткен бақытты халық едік:
Табыла алмай ту қасынан,
елеуішпен су тасыған,
алтын шықса құм-тасынан,
оның өзі у сасыған.
Неткен бақытты халық едік:
Құйрық-жалы күдіре боп,
жүгіретін сүріне кеп,
үй дейтұғын үйі де жоқ,
күй дейтұғын күйі де жоқ,
шығатұғын үні де жоқ,
бостандықтан басқа түгі де жоқ,
Неткен бақытты халық едік!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі