Коррида
Бұл бетте «Коррида» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үргедек ой үрейленді,
Үрікті,
Өткен шақтың бәрі бейне күдікті?
Шындық үшін шайқастарға шыққанда
Өтірік те бірге «уралап» жүріпті...
Сенеміз бе?
Сенбейміз бе?
Қайтеміз?
Бүгін алшы кеше түскен тәйкеміз.
— Аралым! — деп айғайлап кеп, күні ертең
деп жүрмейік «Арал деген қай теңіз?»
Өткен шақты өлгенінше сынайық,
Өзімізге қандай баға ылайық?
Қызыл мата көрсеткендей бұқаға
Келешектің қарсы алдынан шығайық!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі