Бүгінгі күнім мәңгі өлді!
Бұл бетте «Бүгінгі күнім мәңгі өлді!» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүгінгі күнім мәңгі өлді!
Беу, бұған кімің мән берді?
Қағазға төнген шағымда
Қаламұшына қан келді.
Өң бе, әлде, түс пе бұл ғұмыр?
Қансырап жатып күлді жыр.
«Ақылдылардың ішінде
Ақын дейтұғын жынды жүр...»
Қаламнан аққан тамшы қан
Жанымды талай жаншыған.
Қағазға төгіп тынбасам
Қайғымнан қалай аршылам?
Тірлігі құрсын тірінің —
Үземін деп-ақ құрыдым
Құдайдай көрген өздерін
Құдайсыздардың құрығын.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі