Уық
Бұл бетте «Уық» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жан едім салмақты
айналдым қырсыққа,
сан рет бармақты
шайнадым қыршып та,
сонда да келмеді
тағдырдың ермегі —
айналғым ұршыққа.
Морға еріп,
тез көріп
майысқан уықпын,
қиямет кез келіп,
қайысқан құлыппын,
тартқан соң қысымды,
талаймен түсімді
шайысқан жігітпін.
Келместен көңілдің
қызуын іріккім,
мен бүгін өмірдің
қызығын ұмыттым,
жарандар, айтыңдар,
таңдайтын қайсың бар,
түзуін уықтың?!.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі