Анама. Бірінші жыр
Бұл бетте «Анама. Бірінші жыр» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған поэзия туралы өлең берілген.
Ана деген атыңды,
ардақтауға жарап біз,
қарлығаштай хатыңды
бойтұмарға балаппыз.
Сүттей аппақ пейілің,
ала жіптен аттатпай,
бойға сіңіп мейірім,
көрмей өстік шетқақпай.
Шартарапқа шарқ ұрып,
ұшқан балапандарың,
әрбір тұстан алқынып,
аңсап жетсін ардағын.
Алпыс деген көп жас па,
бата тілеп, қол жайып,
шалайық та бозқасқа,
ел-жұрт болып тойлайық.
Ұрпағыңның жүрегі
жүрегіңе тіл қатсын,
немерелер тілегі,
көздің жасын құрғатсын!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі