Анама. Екінші жыр
Бұл бетте «Анама. Екінші жыр» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған поэзия туралы өлең берілген.
Тағдырдан жапа шеккенде,
мұң шағып саған келмедім,
салым бір суға кеткенде
мейіріміңе шөлдедім.
Бағаңды жүрмін сезініп,
Күн-Анам менің, Ай-Анам,
өзіңді ойлап көз іліп,
өзіңді көріп оянам.
Тағы да міне күз келді,
отырсың ба, Анам, күрсініп,
алыстатты ғой біздерді,
күйбеңі бітпес тіршілік.
Құс болып ұшып келмедім,
шыға алмай қапас қаладан,
шөлдедім қатты, шөлдедім,
мейіріміңе, жан Анам.
Сағындым, төзім таусылды,
бұлаңдап өскен балаң ем,
«Құлыным» деген даусыңды,
қайталаса екен бар әлем.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі