Әкеммен соңғы кездесу
Бұл бетте «Әкеммен соңғы кездесу» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір өтті зымырап,
Қоштасуға шақырдың,
Бұл кездесу — түрі жат,
Әлсіз дауыс, ақырғы үн...
Кірпікті әнтек көтердің,
Көзің қайда өміршең?
«Міне, балам, әкеңнің
Шаруасы бітті...» — дедің сен.
Жасқа толы қарашық...
Қорқып болған батырсың,
Ашылмайды парашют...
Құлап келе жатырсың.
Дәрмені жоқ ұлың — зар,
Асқар тауым, кеше гөр.
Сенбес едім бұрындар:
«Тау өледі» десе егер.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі