Ақынды түсінерсіңдер
Бұл бетте «Ақынды түсінерсіңдер» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақынды түсінерсіңдер,
Гүл теру үшін
Айға ұшса...
Қияли кісі дерсіңдер,
Қалықтап жүрген байқұсқа.
Тұрса да ол заманақырда,
Жұлдызбен жаны тілдесер,
Болғанша бодан ақылға,
Ақын боп азат күн кешер.
Қарсы сап желдің өтіне
Құтыртып жүрген қандай күш?
Қонар ма жердің бетіне
Қанаты сынбай ондай құс?!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі