Айлы түнде ұрылар мен қарылар

Бұл бетте «Айлы түнде ұрылар мен қарылар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айлы түнде ұрылар мен қарылар,
Аттай алмай бір-біріне зарығар.
Неткен жарық,
Неткен нұрлы мына түн,
Тек ғашықтар серуендеуге шығатын.
Сен келесің самаланы қақ жарып,
үнің неткен жап-жарық!
әрбір сөзің күңгірт тартқан кеудеме
жатқандайын шам жағып.
Мына түн де сен секілді бейкүнә,
Ай үңілер ажарына ой тұна.
Ғашықтарға қызыға да қызғана
қарау деген тән мінез ғой жалқыға.
Құшақтардың құйынынан буын мас,
сол бір сезім мәңгілікке суынбас,
Ерімей ме деп қорқамын бірақ та,
кірпігіңнен сыңғыр еткен түйір жас.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері