Жырақта ирек салып от қамшылар

Бұл бетте «Жырақта ирек салып от қамшылар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жырақта ирек салып от қамшылар,
сызады түннің бетін ақ тамшылар,
біз ертең кездесетін жұпар гүлзар
жауыннан малмандай боп жатқан шығар?
«Сүйем» деп ернің айтып тұрса дағы,
көңілді соқыр тұман тұмшалады,
сезімге сана би боп алғаннан соң,
жүрегім сағат құсап құр соғады.
Неліктен билік берді Басқа —
Жүрек?
Ақылдың жүре берсе шашбауы боп —
ақын да
асыранды аққу да бір,
сағынса самғап алар аспаны жоқ...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері