Дәліз жуған келіншек
Бұл бетте «Дәліз жуған келіншек» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен жуып кеткен Баспалдақ,
жылап жатыр жанарынан жас парлап,
бәлкім, сенің саусағыңды сағынды,
мен табаныммен басқанда-ақ.
Анау жоғары шыққан сал бөксе,
мынау төмен түскен нәлді өкше —
келмеске кеткен:
оның құм кезін,
сенің қыз кезіңді, мүмкін, салды еске?.
Мен тұрмын әлі үйге енбей,
телегейге көзім үйренбей:
құмның алқымын,
қыздың балтырын
шөпілдетіп толқын сүйгендей!..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі