Шыбынымды шырқыратып сен кеттің
Бұл бетте «Шыбынымды шырқыратып сен кеттің» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шыбынымды шырқыратып сен кеттің,
шылымымды бұрқыратып мен қалдым,
шәрбатыңа шөлдеттің,
шөлдетердей неңді алдым?
Қоңырауың тыншымды алып барасың,
омырауым шым-шым етті оқ теспей,
көз қиығын саласың,
өз күйігім жетпестей.
Қара көзді төңкердің де наздандың,
бала кезгі үркектігің аз мүлде,
өртенуге аз қалдым,
өртейтіндей жаздым не?
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі