Бейсенгүлге

Бұл бетте «Бейсенгүлге» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзіңсіз өмір мәнсіз екенін,
Өзіңсіз жүрек жансыз екенін
Түсіндім.
Түсіндім, жаным, әлсіз екенмін
Өзіңсіз.
Бәдәуиіндей Мысырдың
Безіп жүргенде,
Кезіп жүргенде әлемді,
Сүзіп жүргенде бар елді
Іздеген бақыт құсымның,
Өзің екенін түсіндім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері