Ескерткіштерге эпитафия
Бұл бетте «Ескерткіштерге эпитафия» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ескерткіштер құлап жатыр бұрынғы,
табындырған таспұттан жұрт түңілді?
Батырмысың, бақсымысың, бәрі бір,
қара базар қағып алар жыныңды.
Біреулердің жан-жүрегін жылатып,
бар тіршілік тұрған сынды гүл атып,
өмір-бақи тағзым етіп келгендер,
сол мүсінді жатыр енді құлатып...
Ескерткіштер орны қалды ойсырап,
қимаң оған қыншымасын, қой, шырақ,
кімге орнатсаң — соған ертең табынар,
тұлға керек жүрген жұртқа тойсырап.
Ескерткіштер ескі болса — құласын,
орнына оның, бәлкім, өзің тұрасың?
Жас ағашты отырғызу үшін де
кәрілерін қырқасың да, жұласың...
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі