Өмір-өзен дейді осы халық неден?
Бұл бетте «Өмір-өзен дейді осы халық неден?» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір-өзен дейді осы халық неден?
Мың құбылған тірлікті дәріптеген?
Қанша жүзсең —
Қалмайды ізің суда,
Қайық тұрмақ болса да алып кемең!
Шырқ үйірген әлемді өмір-құйын,
Шатырлаған аспандай көңіл күйің.
Өмір — құйын дегенім өтірік пе,
Билетпей ме біздерге небір биін?
Жөні бар ма тірліктің тамсанғандай,
Жынданасың жеңілген маршалдардай,
Меңіреулердің ішінде мақам оқып,
Саңыраулардың ішінде ән салғандай...
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі