Армысың, Америка
Бұл бетте «Армысың, Америка» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Армысың, Америка,
Арман әлем,
Алыстан атағыңмен арбаған ең.
Аңсаған адамзаттың азаттығы,
Ақындар ардақтаған арнап өлең.
Деуші едім «тірі болсам бір барамын»,
Алдымнан андыздаған нұр жанарың,
«Эмпайр Билдингтің» заңғарынан,
Әлемнің төбесінен күн қарадым.
Ерекше астамдық бар тұрпатыңда,
Есінеп, ерінесің тіл қатуға.
Есенин
Есігіңді теуіп қайтқан,
Ерігіп,
Еріп барып бір қатынға.
Алтайдың самғап жеткен мұзбалағы
Қарайды, қызығады, қызғанады.
Еске сап Алматымды
Вашингтон
Бүлк етіп жүрегімнің сыздағаны.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі