Жантәсілім
Бұл бетте «Жантәсілім» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құм басып даланы
із біткен жымдасып барады,
опасыз мынау жалғанға
кім ғашық болады?
Сәл тоқталыңдаршы,
көзім түк көрмей қалды,
аңғалағына қадалған
оқты алыңдаршы,
еңсемді көтерейін,
ей, аспан,
төбемнен тоқпағыңды алшы,
дүние неге қараңғы,
от жағыңдаршы?!.
Бұл жақта ебелектер көп,
сайтан көбелектер жоқ,
мені тірідей көмген бе, немене,
барамын керемет терлеп?..
Сыр сақта, ұлым,
(бір сәт таныдым),
айырмашылығын мен айтсам
ене мен жердің құрсақтарының,
мына жел қайдан әкелді,
иісін гүл шоқтарының?
Суырыңдаршы оқты,
ажыратыңдаршы токты...
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі